😊😊📌 Сабақтан шаршап, жалығу - дайындалып жүрген оқушы үшін қалыпты жағдай. Ол үшін өзіңді кінәлаудың да керегі жоқ. Тек миыңның дем алып, жаңа ақпараттарды қабылдауға дайындалуына мүмкіндік бер. Демалыс күнін өзіңе арнап, сүйікті істеріңе уақыт бөл. Ал бүгінгі сенбінің кешінде жылы жерге отырып, мынандай тамаша мотивациялық фильмді көруге кеңес беремін. Несмотря ни на что(2017) БОЛҒАН ОҚИҒАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН! Салия - мектепті бітіріп, қонақ үй жұмысын игеруді бала күнінен армандап жүрген бітіруші жігіт. Арманына алып-ұшқан бозбала бір күні өзінің көру қабілетінің нашарлағанын байқап, дәрігерге қаралады. Сонда оған нормадан тек 5 пайыз көретінін анықтап, диагноз қояды. Ол ештеңе көрмей қалады деуге болады. Бірақ Салиды мақсатынан бастартудың орнына, бұл жайт одан әрі шабыттандырады. Ол көре алмаса да, есте сақтау қабілетінің арқасында мектепті жақсы бітіріп, аттестацияны өзі тапсырып шығады. Өзінің көре алмайтынын жасырып, Мюнхендегі ең беделді қонақ үйге практикант ретінде сұранады. Жаңа танысқан әріптес досы оның кемтарлығын байқап, барлық жағдайда оны қолдайды. Бірақ ол басшылықтан бұл туралы қашанға дейін жасырып жүреді екен? ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРАМАЙ АРМАНДАРЫН БАҒЫНДЫРҒАН ЖІГІТТЕН ҮЛГІ АЛУЫҢА БОЛАДЫ) --------Егер де өзіңнің шексіз мүмкіндіктерің бола тұра, арманыңа жетер жолда ерініп, не қолымнан келмейді деп ойласаң осы фильмді көріп, бір сәт ойлан. Сенің мүмкіндіктерің шексіз!

Теги других блогов: мотивация оқу мүмкіндіктер